Ақтау халқының МАЭК-Қазатомөнеркәсіпке 606 млн теңге қарызы бар

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласы тұрғындарының «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ға жалпы берешегі 606 млн 028 мың теңгені құрады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау қаласының тұрғындары өздері пайдаланған жылу мен судың ақшасын кешіктіріп, төлемей келген. Жалпы сома 600 млн теңгеден асып кеткен.

«Ақтау қаласының су және жылумен жабдықтау қызметтеріне берешегі бар тұрғындарынан қысқа мерзімде қарызды өтеу сұралады» делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, 2022 жылдың қараша айының басында Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» қуатын кеңейтуге ерекше назар аудару керектігін айтқан еді.

«Өңірдің қарқынды дамуы мен халық өсімінің жоғары қарқыны инженерлік желілерді жаңғырту мәселесін өткір қойып отыр. Коммуналдық инфрақұрылым жүктемелерге төтеп бере алмайды. Өңірдегі су, жылу және электр энергиясының негізгі жеткізушісі «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» болып табылады.

Сонымен қатар, бұл кәсіпорындағы жабдықтың тозуы 80%-дан асады. Облысқа бұрынғы жұмыс сапарым барысында мен кәсіпорынды жаңғырту бағдарламасын әзірлеуді тапсырдым. Үкімет оны іске асыруға қажетті қаражатты тауып, жуық арада жұмысқа кірісуі керек», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар