«Ақтау горнизонында әскерилер тамағынан құрт шықты»: Министрлік түсінік берді

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігі Ақтау горнизонындағы әскерилердің тамағынан құрт шыққаны туралы мәліметке түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтау горнизонында тамақтану сапасыз ұйымдастырылғаны туралы мәліметке келсек, 2023 жылдың 2 наурызында Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы тексеру жүргізді. Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, «Ана жүрегі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Маханбет Жақсыгүлмен, Ақтау қаласының тәуелсіз блогері Рамазан Бибігүлмен бірлесіп жүргізген комиссия жұмысы кезінде азық-түлікте құрт бар туралы ақпарат расталмады», - деп жазылған ресми мәліметте.

Ведомство ұсынған дерек бойынша, әскерилердің өзі тұтынып жүрген тамағына шағымданбайды.

«Ақтау гарнизонының прокуроры қатысқан мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен әңгіме кезінде жеке құрам асханаларында жәндіктердің болуы бірауыздан жоққа шығарылды. Әскери қызметшілер арасында ешкім дайын тағамның салмағына қатысты шағым түсірген жоқ.

Мақалада айтылған заңсыздықтар туралы мәліметтер шындыққа сәйкеспейді», - деп жазылған министрлік мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар