Ақтау әуежайындағы компания қымбат тағамдар сатқаны үшін 1,6 млн теңге айыппұл төлейді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау әуежайының терминалын пайдаланып отырған компания 1 млн 600 мың теңге айыппұл төлейді. Бұған қоса, 15 млн теңгеден астам қаржысы монополиялық кіріске тәркіленеді. Ақтау қалалық соты осындай шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тексеру жүргізуге әуежай ішіндегі қоғамдық тамақтану орнындағы бағаның қымбаттығы себеп болды. 500 теңге тұратын самса құнына наразы болған бір жолаушы тиісті органдарға арыз түсірген. Содан кейін монополияға қарсы департамент қызметкерлері тексеру жүргізіп, заңға қайшы әкереттерді анықтады.

«Қоғамдық тамақтану орындарында бағаның жоғары болуы - ол жалға берілетін орындардың қымбаттығына байланысты. Осыған орай, Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын пайдаланатын «АТМ групп» ЖШС қатысты тексеру жүргізілді. Тергеп-тексеру нәтижесінде жалға берілетін орындардың қымбат болуы және бұл ретте үстемдігін немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды»,-дейді облыстық монополияға қарсы департаменті тергеу бөлімінің бас маманы Қуандық Қосжанов.

Соңғы жаңалықтар