Ақтау әуежайында жөндеу жұмысына байланысты кей рейстер кейінге шегерілді

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын жөндеуге байланысты рейстер кейінге қалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Әуежай өкілдерінің айтуынша, 3 мамыр мен 5 шілде аралығында ұшу-қону жолағына ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп, техникалық қызмет көрсету жоспарланған.

Жөндеу жұмыстары дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.

- Бұл күндері рейстер Ақтау әуежайының әуе айлағында сағат 20.00-ден 09.00-ге дейін қабылданады. Аптаның қалған күндері рейстер штаттық режимде орындалады, - деді әуежай мамандары.

Авиакомпаниялар мына рейстерді ауыстыруды жоспарлап отыр:

Дүйсенбі күні ауысатын рейстер: 741/742 Нұр-Сұлтан, 709/710 Шымкент, 727/728 Нөкіс, 857/858 Алматы, 7605/7606 Кутаиси, 7277/7278 Атырау, 7175/7176 Алматы, 837 Махачкала. Рейстер тоқтамайды.

Сейсенбі күні ауысатын рейстер: 741/742 Нұр-Сұлтан, 709/710 Шымкент, 857/858 Алматы, 7577/7578 Шымкент, 7175/7176 Алматы. Рейстер тоқтамайды.

Сәрсенбі күні ауысатын рейстер: 741/742 Нұр-Сұлтан, 709/710 Шымкент, 857/858 Алматы, Кишэйр 6036/6037 Горган, 7275/7276 Атырау, 7577 /7578 Шымкент, 835/836 Астрахан, 7377/7378 Нұр-Сұлтан, 725/726 Үргеніш, 7777/7778 Ақтөбе рейсі тоқтатылады.


Соңғы жаңалықтар