+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Ақтау әуежайында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

2020 жылғы 23 ақпан 18:12
Бөлісіңіз:
Ақтау әуежайында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау халықаралық әуежайында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан Шымкент тұрғыны кешірім сұрады СҚО-да коронавирустың алдын алу мақсатында арнайы жоспар әзірленді Коронавирус: Қарағанды денсаулық сақтау басқармасы маскалар тапшылығына қатысты түсініктеме берді

Шара барысында қауіпті індет белгілері байқалған жағдайда құтқарушылар, санитарлық дәрігерлер мен экипаж мүшелері қалай әрекет ететіндігі іс жүзінде пысықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқу-жаттығу жоспары бойынша, Ақтау әуежайына халықаралық рейстегі ұшақтардың бірі келіп қонады. Ұшақ командирінің хабарлауынша әуеде жолаушылардың бірінің қызуы көтеріліп, өзін жайсыз сезінген.

«Қызу, әлсіздік, жөтел - бұл қауіпті вирустың басты белгілері. Енді жедел әрекет ету тобынан бастап тәртіп сақшыларына дейін әрбір қызметкер вирустың облыс аумағына енуіне жол бермеу үшін жауапкершілік алған. Сондықтан әркім өз міндетін мүлтіксіз орындауы шарт»,-дейді облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов.

Әрі қарай, арнайы көліктер жолаушылар мен экипаж мүшелерінің эвакуациялануын қамтамасыз етті. Бұндай жағдайда ең бастысы - артық шу шығарып, дүрбелең тудырмау керек. Күту залына өткен жолаушылар тағы да тепловизор арқылы тексерілді.

«Жаттығу сәтті өтті. Тапсырма толығымен орындалды. Бұның тактикалық жаттығу екенін тағы бір рет еске саламын. Ешкім зардап шеккен жоқ. Барлығы аман-сау»,-дейді Азаматтық қорғау басқармасының өкілі Азамат Төлегенов.

Ақтау әуежайы күніне 10-14, ал аптасына 100 рейске дейін қабылдайды. Жұқпалы вирустың ел аумағына енбеуіне қарсы шаралар республика бойынша жүргізіліп жатыр. Сондықтан мамандар алаңдауға негіз жоқ дейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT