Ақтау әуежайына бомба қойылды деген ақпарат тарап, ел дүрлікті

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау халықаралық әуежайына жарылғыш құрылғы қойылды деген ақпарат тарап, ел дүрлікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция мен әуежай қызметкерлері жолаушыларды эвакуациялап, тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

28 қараша күні сағат 16:48-де Ақтау қаласы халықаралық әуежайының электрондық мекенжайына ғимаратқа қойылған жарылғыш құрылғы туралы жасырын хабарлама келіп түскен.

Әуежай аумағын тексеру барысында жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар табылмаған.

«Оқиға орнында қазір мамандар жұмыс істеп жатыр. Ақтау халықаралық әуежайы аумағын тінту кезінде жарылғыш заттар табылған жоқ. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Қазір хабарламаны жіберген адамның жеке басын анықтау жұмыстары жалғасуда. Жалған хабарлама жіберген адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», -деді Маңғыстау стансасындағы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Қуанышкерей Қызылбаев.

Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Видеодан алынған кадр

Соңғы жаңалықтар