Ақтау әуежайы Тегераннан алғашқы чартерлік рейсті қабылдады

None
Фото: t.me/Madeniet_zhane_sport_ministrligi
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау әуежайы Тегераннан алғашқы чартерлік рейсті қабылдады. Иран әуекомпаниясының ұшағымен Маңғыстау облысына 137 турист келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы демалыс күндері Ақтауға Иран елінің туристерімен екінші рейс келеді. Биыл басқа елдердерден де чартерлік рейстер күтіліп отыр.

Айта кетсек, өткен жылы Қазақстан Иран, Қытай және Үндістан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізген болатын.

«Ақтау Ираннан келген қонақтар арасында зор сұранысқа ие, сондықтан ирандық туроператорлар ұйымдастырған әуе рейстері мен турлар көп күттірмеді. Біз қазір келетін қонақтардың санын көбейту үшін жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан алдағы уақытта мұндай рейстердің де саны артуы керек. Болашақ серіктестермен келіссөздер үнемі жүргізіліп отырады», - деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.


Соңғы жаңалықтар