Ақтау әуежайы екі күнге жабылады

None
aktau-airport.kz
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау әуежайы екі күнге жабылады. Бұл туралы FlyArystan әуе компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтау қаласының әуежайы 24, 25 мамыр сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты жабық болады. Жолаушыларға жөнелту уақыты туралы ақпарат брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі. Бұл өзгерістер авиакомпанияның бақылауынан тыс болғанын ескеріңіз. FlyArystan Ақтау әуежайының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына қолдау көрсетеді, алайда Ақтау әуежайының кеш хабарлама бергені жоспарларыңызға әсер еткеніне кешірім сұраймыз» делінген хабарламада.

Бұл ақпаратты Ақтау әуежайының директоры Меруерт Жолдыбаева растады.
Соңғы жаңалықтар