+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарында жас сарбаздар ант берді

2019 жылғы 2 желтоқсан 18:51
Бөлісіңіз:
Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарында жас сарбаздар ант берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мереке күні Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарындағы әскери бөлімдерге 2019 жылдың күзінде шақырылған 700-ге жуық жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Салтанатты шараға сарбаздардың туған-туысқандары, Қарулы күштердің ардагерлері, билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қонақтардың назарына әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы көрсетілді. Әскери қызметшілердің туысқандары борышын өтейтін сарбаздардың жағдайымен танысты, бөлім қолбасшылығымен кездесті.

Рәсім әскери бөлімдердің аумағы және Жауынгерлік даңқ ескерткіштері алдындары мен қалалық саябақтарда өтті. Ақтөбе қаласында жас сарбаздардың әскери ант беруі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті паркінде өтсе, ал Атырау қаласында Жеңіс саябағының аумағында ұйымдастырылды. Ақтау және Бейнеу елдімекендерінде іс-шара әскери бөлім аумағында өтті. Ант қабылдаған сарбаздардың ұзын саны 700-ге жетсе, оларды қолдауға еліміздің шет-шетінен 1 500-ге жуық жақын-туысқаны келді.


«Жаугершілік замандарда сарбаздар елдің еркіндігі, намысы үшін жан аямасқа серттесіп, қылыштың жүзін сүйіп ант берген. Ел қорғау міндетін өтерде ант беру салты қазір жаңа мазмұнмен байыды. Сіздер, бүгін Қарулы күштердің қатарына алынған, Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демдерін қалғанша адал болуға, Конституция мен заңдарды қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етесіздер», - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы Нұрлан Алдияров сарбаздарға.


«Дәл осы мейрам күні ант қабылдау мен үшін зор құрмет. Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтағым келеді! Біз Отанымыздың игілігі үшін өзіміздің әскери борышымызды адал орындайтынымызға сенімді түрде айта аламын», - деді гвардияның қатардағы жауынгері Владимир Колдин.


Әскери ант қабылдаған жас сарбаздар ендігі кезекте жас мамандарды даярлау бағдарламасына сәйкес жауынгерлік үрдіске кіріседі. Жарты жылдан соң олар әскери мамандық иесі атанып, артиллерияшы, танкіші, атқыш, байланысшы лауазымдарында толыққанды Отан қорғаушылар мәртебесіне ие болады.











Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT