+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Ақтау арыстанын ешкім өлтірмейді - Министрлік ұсталған аңға қатысты түсінік берді

2020 жылғы 7 шілде 11:52
Бөлісіңіз:
Ақтау арыстанын ешкім өлтірмейді - Министрлік ұсталған аңға қатысты түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтау қаласы маңында иесіз дала кезіп жүрген жерінен ұсталған арыстанды ешкім өлтірмейді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Таңертең «Ақтаудағы арыстанды ұйықтатып тастайды екен» деген ақпарат тараған болатын. БАҚ-тан ресми мемлекеттік органдардың ақпараттарына ғана сүйенуді өтінемін. Facebook-те Кирилл Осин есімді желі қолданушы таяу уақытта арыстанды ұйықтатып тастауы мүмкін деп жазған болатын. Бұл ақпарат - жалған. Арыстан өмір сүреді. Иә, бүгінде арыстанды асырауға қатысты проблемаға тап болып отырмыз. Маңғыстау облыстық Орман жаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық испекциясының мемлекеттік инспекторлары осы факті бойынша сотқа жүгінді. Әзірше сот шешімін күтеміз», - деп жазды ол Facebook-те.

Оның атап өтуінше, комитет зообақтар мен өзге орындарға арыстанды асырауға қатысты өтінім жолдап, қазіргі уақытта олардан жауап күтіп отыр. Арыстанды бағып-қағатын орын айқындалғаннан кейін аң белгілі бір органның қарауына беріледі. Ал әзірше ол Ақтаудағы цирк өкілдерінің бағып-қағуына берілген.

«Арыстанды тамақтандыру оңай емес. Араларыңызда етпен көмек бере алатын адам болса, онда мына нөмірге хабарласуды өтінемін: +7 (771) 605-26-70 (Талғат Әленов, Маңғыстау инспекциясының бас маманы)», - деді Сәкен Ділдахмет.

Айта кетейік, 25 маусымда 102 пультіне Ақшүкір кентінде емін-еркін жүрген арыстан туралы хабар келіп түсіп, полиция аңдыұстап алған еді.

Иесі іздестіріліп жатқан аң шамамен 1-1,5 жаста. Арыстан - аталық (еркегі ызақор деп аталады). Африкалық арыстанның бір түрі. Адамдардан қорықпайды. «Арыстан СИТЕС конвенциясының (жоғалу қаупінде тұрған, жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы бойынша конвенциясы) тізіміне енгізілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT