Ақтау әкімі қоқыс шығару жұмысын дұрыс ұйымдастырмағаны үшін сөгіс алды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін, 9 тамызда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен аппараттық кеңесте облыстың қала-аудандарындағы қатты тұрмыстық қалдық шығару және санитарлық тазалық мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде санитарлық жағдай және елді мекендердегі қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытында шығару мәселесі өзекті.

Маңғыстаудың тарихи-мәдени және табиғаты көрікті жерлерін туристер де, тұрғындар да тамақ қалдықтарымен ластап жатыр.

Соңғы уақытта облыс орталығының тұрғындары тарапынан түсетін қоқыстың жиналуына қатысты шағымдардың саны да айтарлықтай өсті.

Тұрмыстық қалдықтардың уақытында шығарылмауы қалаға жақын маңда орналасқан Мұнайлы ауданы және Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылының тұрғындарын да алаңдатып отыр.

- Елді мекендердің санитарлық жағдайы алаңдатарлық мәселе. Ақтау қаласының ластануына жол беруге болмайды. Tелеграм чатқа түсетін шағымдардың көпшілігі қоқыс жинау және шығару мәселесімен байланысты. Қалдықтарды уақтылы жинамау қаланың көркі мен тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Бұл қала әкімі жұмысының дұрыс ұйымдастырылмауының нәтижесі, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін аймақ басшысы Ақтау қаласының әкіміне, оның орынбасарына және ТҮКШ бөлімінің басшысына сөгіс жариялады.


Соңғы жаңалықтар