Ақтау әкімдігінің ұялы қосымшасы іске қосылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қала тұрғындары үшін «АKTAU.GOV» ұялы қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қосымшада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі бар, сондай-ақ қаладағы жаңалықтар мен оқиғалар туралы мәлімет алуға болады.
Қала тұрғындары қосымша арқылы өз сұрақтарын, шағымдары мен өтініштерін жібере алады. Сонымен қатар, қажетті суреттер, аудио- және видеофайлдар тіркеуге мүмкіндік бар.

Ұялы қосымшада қала тұрғындарының өтініштері есепке алынған, сондай-ақ өтініштерді бақылауға және оның орындалу мәртебесін қарауға болады. Қолданушылар шағымдар мен өтініштер жіберу үшін тіркелулері қажет.

«АKTAU.GOV» ұялы қосымшасын Android және iOS веб-платформаларынан жүктеуге болады.

Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар