Ақтау әкімдігі ыстық суды уақытша өшіруге мәжбүр болды

Фото:
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда ыстық суға қатысты күрделі мәселе туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында шаһар басшысы Ербол Ізбергенов әкімдіктің Instagram парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, кешеден бері қалада ыстық суға қатысты үлкен мәселе туындап отыр.

Мұның басты себебі - МАЭК-тегі қондырғылардың ескіруіне байланысты жасалып жатқан жөндеу жұмыстары.

«Тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ыстық суды уақытша тоқтатуға мәжбүрміз! Қаладағы ахуал менің бақылауымда және мәселені жедел шешу мақсатында қазіргі таңда тиісті мамандар жұмылдырылды. Баршаңызды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға және сабыр сақтауға шақырамыз», - дейді Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов.

Еске сала кетейік, кеше Ақтауда орталық құбырмен ауызсу беру қысымы төмендетілетінін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар