Ақтау әкімдігі қала тұрғындарын балконға ту ілуге шақырды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласының әкімдігі 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында «Ақтауға 60 жыл – отбасына сыйлыққа 60 мемлекеттік ту» іс-шарасын ұйымдастырып жатыр. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай үй-жайдың көше бетіндегі балконына мемлекеттік туымызды ілу дәстүріне қатысуға тілек білдірушілер Instagram желісіндегі @aktau_akimdigi парақшасына 1 маусымға дейін өтініш беріңіздер», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар