Ақсулық жігіт өліміне қатысты іс Павлодар ОІІД-нің ерекше бақылауына алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақсу қаласының тұрғыны Дәурен Мүбәраковтың өліміне қатысты іс Павлодар облысы ІІД басшыларының ерекше бақылауына алынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Осыдан үш күн бұрын Instagram желісіндегі @poleznyi_ekibastuzets парақшасында Әсел Мүбәракова атты пайдаланушы әлеуметтік желінің қолданушыларынан ағасын мерт қылған қанды қолды табуға көмек сұраған.  Сонымен қатар, Ақсу қаласы әкімінің ресми сайтында көз жұмған азаматтың жұбайы қала басшысынан көмек сұраған.  Ресми сайтта берілген жауапта құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінуге кеңес берген. Осыған байланысты агенттік ІІД-не ресми сауал хат жолдаған болатын. Бүгін келіп түскен жауапта болған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 99 бабы - «адам  өлтіру»  бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталғаны жазылған.

- Аталғын іске қатысты бір ер азамат ұсталды. Сот тарапынан санкция беріліп, қазіргі уақытта ол қамауда отыр. Іске қатысты басқа күдіктілерді іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы ІІД басшыларының басты назарында, - деді баспасөз қызметі.   

Соңғы жаңалықтар