Ақсуда заңсыз несие беру арқылы 9 млн теңге пайда тапқан тұрғын ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлер алаяқтықтың 19 фактісі бойынша күдікті Ақсу қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткен.

«Полицияға Ақсу қаласының тұрғыны 2018 жылғы сәуірде компьютерлік техниканы сататын дүкенде бір банкінің менеджері 500 мың теңге несиені оған заңсыз ресімдегені туралы шағымданды. Бұған ұқсас шағымдар Ақсу қаласының басқа да тұрғындарынан түсе бастады. Күдікті негізінде 500 мың теңге көлеміндегі несиелерді тіркеген»,- деді баспасөз қызметінде.

Іс-шара өткізу барысында күдікті Алматы қаласында ұсталды. Жас адам қала банкілерінің бірінде менеджер болып істей жүріп, компьютерлік техниканы сату дүкенінде тұрғындарға заңсыз тұтынушылық несиелер ресімдеген. Күдіктінің заңсыз несиелердің көбін 2018 жылдың мамыр айынан бастап тамыз айына дейін ресімдегені анықталды. Осылайша 9 млн теңгеге заңсыз байыған ол қыркүйек айында белгісіз бағытта ақшамен жасырынып кеткен. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу өндіріспен аяқталды және әрі қарай сотқа тапсыру үшін прокуратураға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар