Ақсуда оқушылар асықтан массажды төсеніштер жасауда

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ақсу қаласына қарасты Мәмәйіт Омаров ауылындағы Жамбыл орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жиенхан Хаманайдың оқушылармен бірге жасаған массажды төсеніштері көпшілік арасында кеңінен танылуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттаудың тың жолын ойлап тапқан ұстаз осындай 11 төсеніш құрастырып, сегізін саудалап үлгерген. 14 санамақтың да басым бөлігін балабақшаларға сыйға тартқан.null

«Әсіресе балабақшалардан массажерге деген сұраныс баршылық. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынанда тапсырыс түсуде. Мысалы, жуырда таныс адамдардың бірі аутизм дертіне шалдыққан баланың емі үшін сатып алып кетті»,- дейді Жиенхан Хаманай.

Балалардың жүруіне және төсек ретінде салып жатуға арналған массажды төсеніш буындар мен олардың арасындағы байланысын күшейтеді, шаршаған бұлшық еттерді қалпына келтіреді. Кішкентай балалар мен ересектер үшін пайдасы зор. Бір массажер төсенішке 108 және екіншісіне 80 асық кеткен. null

Бүгінде қолөнер иесі Ақсу қаласының № 1 қазақ орта мектебінде, № 8 жалпы орта білім беру мектебінде және жас натуралистер стансасында асық үйірмесіне жетекшілік етеді. Алты жылдың ішінде 3 мыңнан астам асық жинаған. Оның ішінде далада ойнауға болатын қара малдың 40 шақты асығы кездеседі.null

«Балалардың қызығушылығы өте жоғары. Бұл дүниелерді мектептер мен балабақшаларда әдістемелік құрал ретінде қолданған дұрыс еді. Жобаны қолға алмас бұрын адам денсаулығына пайдасын білу үшін жан-жақты зерттеу жүргізіп, мәліметтерді жинақтадым. Дайындау технологиясына келетін болсақ, асықтарды алдымен тұз қосылған суда тазартып залалсыздандырамыз. Сонда сүйектегі майы мен артық заттарынан тазарып шығады. Бұдан кейін түрлі түске бояймыз. Болашақта осы жобаны әрі қарай жетілдіре түсу жоспарда бар»,- дейді ұстаз.

null

Соңғы жаңалықтар