Ақсуда кәсіпорын басшысы дәнекерлеуші сертификатын заңсыз бергені үшін сотталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Ақсу қаласындағы кәсіпорын басшысы электр-газбен дәнекерлеуші мамандығын оқымағандарға сертификат берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақсу қаласындағы кәсіпорын басшысы «Электр-газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша оқудан өткені туралы куәлік бергені үшін коммерциялық сатып алу ретінде заңсыз ақша алған. Бұл ретте оқыту іс жүзінде жүргізілмей, құжаттар формальды түрде ресімделгені белгілі болды», делінген хабарламада.

Бұл мамандық құрылыстан бастап мұнай өндіруге дейін бірқатар салалардың негізінде жатқандықтан, оқытусыз сертификат беру халық үшін зор қауіп тудырады.

Аталған фактіні ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қызметкерлері анықтады.

Ақсу қалалық сотының үкімімен ұйым басшысы кінәлі деп танылып, оған оқыту-білім беру қызметімен байланысты коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 2 жылға айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар