+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Ақсуда қарттар үйінен өрт шығып, бір адам зардап шекті

2021 жылғы 24 қыркүйек 21:01
Бөлісіңіз:
Ақсуда қарттар үйінен өрт шығып, бір адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқиға орнында жеке құрамнан 12 адам мен 4 техника жұмыс істеді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды полицейлері көпқабатты үйдегі өрттен балаларды құтқарды Алматыда өрт шыққан үйден ана мен бала құтқарылды Каспий жағалауында 10 күн жанған қамыс өрті сөндірілді

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қыркүйекте сағат 18.39-да Набережная көшесі, 27 мекенжайы бойынша Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Ақсу қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

- Екінші корпустың бесінші қабатында № 14 палатада 2 ш.м. алаңда матрац бықсып, қатты түтін пайда болған. Өрт сөндірушілер баспалдақ маршы бойынша 4-ші және 5-ші қабаттардан 60 адамды эвакуациялады. Автосаты қолданылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны бесінші қабаттағы палатаның терезесіне құрастырылған қол оқпанын берді, - деді департаментте.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін бөлімше қызметкерлері зардап шеккен 1937 жылы туған ер адамды эвакуациялады. Ақсу қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.

Өрт 19 сағат 09 минутта сөндірілді.

Өрттің шығуына төсекте темекі шегу себеп болған. Шығын келтірілмеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT