+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ақсуда анасы қараусыз қалдырған кішкентай 3 бала мемлекет қамқорлығына алынды

2021 жылғы 15 қыркүйек 15:40
Бөлісіңіз:
Ақсуда анасы қараусыз қалдырған кішкентай 3 бала мемлекет қамқорлығына алынды

АҚСУ. ҚазАқпарат – Ақсу қаласының тұрғыны үйінде 8, 5 жасар және екі айлық баласын тастап, түнде қайтып оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Инспекторлар 27 тамыз күнгі сағат 18:45 шамасында 2013, 2016 және 2021жылғы балалары бар әйелдің пәтеріне кіре алмаған. Тәртіп сақшысының есік қаққанына балалардың үлкені жауап беріп, анасының таңертең оларды сырттан кілттеп кеткенін айтты», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полицейлердің мәліметінше, олар балалардың анасы қайда жүргенін түсіне алмаған.

Құтқарушылардың көмегіне жүгініп, пәтердің кіреберіс есігін ашуға тура келді.

«Кішкентай балалар пәтер ішінде жалғыз болған. Ең кішісі - небәрі екі айлық. Балалардың қарны ашқан, үйдің ішінде киімдер шашылып жатты, ал тоңазытқыш ішінде спирттік ішімдіктен басқа азық-түлік болмады. 8 жасар ағасы екі айлық қарындасын пакеттегі сүтті беріп тамақтандырған», - деп хабарлады полиция департаментінен.

Көршілері бұл отбасындағы ересектердің балаларын үнемі ұзақ уақыт қараусыз қалдырып жүретінін айтты.

Полиция қызметкерлері мен қорғаншы органы кішкентай балаларды отбасынан тез арада алып кету шешімін қабылдады.

Балалар Павлодардағы қиын өмірлік жағдайда қалған балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Ал олардың анасы үйіне тек сағат 23:00 шамасында бірге тұратын еркекпен бірге оралды. Ол бұл әрекетін Павлодарға жұмысқа барып келдім деп түсіндірді.

«Әйел және онымен бірге тұратын ер адам бұрын сотталған, ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін талай рет әкімшілік жауапқа тартылған. Қазіргі кезде 34 жастағы әйел ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 127-бабының 2-бөлімімен әкімшілік жауапқа тартылды. Материал сотқа жіберілді», - деп атап өтті полициядан.

Павлодар облысындағы кәмелет жасына толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сот әйелдің балаларына қатысты ата-ана құқығынан айыруға арыз талабын даярлап жатыр.

Енді балалардың тағдырын сот шешеді, деп нақтылады департаменттен.

2021 жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер кәмелет жасына толмағандардың тәрбиесі бойынша міндеттерін жөнді орындамаған 335 заңды өкілді жауапкершілікке тартты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT