+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Ақсуда 200 орындық жатақхана пайдалануға берілді

2019 жылғы 14 желтоқсан 18:14
Бөлісіңіз:
Ақсуда 200 орындық жатақхана пайдалануға берілді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күніне орай ашылған 200 орындық жатақханада Ақсу қара металлургия колледжінің студенттері тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Бүгінде колледждің 150-ден астам студенті жаңа жатақханаға қоныстануға дайын. Бұл көбінесе жақын маңдағы ауылдарда тұратын студенттер. Бұрын күнде Ақсу қаласына баруға немесе қалада пәтер жалдауға мәжбүр болған.

«Мен Ақсу қаласынан 20 шақырым жердегі Евгеньевка ауылында тұрамын, - дейді 3-курс студенті Станислав Кудрин. Ақсу қаласына жетіп, оқуыма үлгеру үшін күн сайын таңертеңгі сағат 6-да тұрамын. Жатақханада әрине ыңғайлы болады. Жолда ақша мен уақытты жұмсамайсың».

Жатақханадағы екі орынды әр бөлме жуынатын бөлмемен жабдықталған. Мұнда асхана, кір жуатын бөлме, жаттығу және би залы бар.

«Жатақхананың ашылуының арқасында біздің оқу орнымыз «Серпін» республикалық бағдарламасына қатысып, Қазақстанның жұмыс күші бар өңірлерінен студенттерді тарта алады, - дейді Ақсу қара металлургия колледжінің басшысы Ренат Дүйсекенов. – Біздің түлектеріміздің 91 пайызы Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс істейді. Сондықтан мен бізден мамандық алуға ниеттілер қашанда табылады деп ойлаймын».

Жаңа жатақхананың тұсаукесер рәсімінде Павлодар облысының әкімі оның құрылысы ұзақ уақыттан бері көтерілген мәселе екенін және бүгінде облыста тек колледж студенттерін ғана емес, сонымен қатар, жоғары оқу орындарын да жатақханамен қамтамасыз етуге тырысып жатқанын атап өтті.

«Мысалы, бүгінде Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жанында 500 орынды жаңа жатақхана салынуда, - деді Болат Бақауов. – Дәл сондай студенттер үйі Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде де бой көтеруде. Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақсу қаласында студенттерге арналған жатақхана ашқанымыз өте қуанышты. Біз қаланы дамыту бойынша жұмысты міндетті түрде жалғастырамыз».

Жатақханаға жаңа қоныстанушылар жақын арада орналасады. Студенттер мұнда тегін тұрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT