Ақсуда 2 жасар бала терезеден құлап кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ақсу қаласында екі жасар бала екінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық ТЖД  баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ақсу қаласының Қамзин көшесі, 21 мекенжайында, сағат 21.00-де орын алған.

«Сәби бес қабатты үйдің екінші қабатынан құлап түскен, - деді баспасөз қызметіндегілер. - Ол Ақсу қаласының ауруханасына жеткізілді. Кейін  бұл кезде баланың ата-ана қарауынсыз қалғаны анықталды. Абырой болғанда, бала аман».

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева сәбидің жағдайы туралы айтып берді.

«Бүлдіршін Ақсу қаласының ауруханасынан Павлодар қаласындағы облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Бала жеңіл ми жарақатын алған. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы бірқалыпты. Оның қасында әжесі бар», - дейді Эльмира Темірғалиева. 

Соңғы жаңалықтар