Ақсу тұрғыны қоймадан жарты миллион теңгенің темекісін ұрлаған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Полиция Павлодар облысының түрлі аудандарында ұрлық жасаған үш баукеспені қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақсудың 21 жасар тұрғыны Ертіс ауданындағы бір елді мекеннің қоймасына пластик терезе арқылы кіріп, 530 мың теңгенің «LD club» маркалы темекісін жымқырып кеткен», - деп мәлім етті Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ертемен Ертіс ауданы полициясына 70 жастағы ауыл тұрғыны хабарласқан. Полицияның айтуынша, ол түн ортасында қоймадан біреулер 126 блок сигаретті ұрлап кеткендігін айтқан.

«Тағы бір оқиғада 34 жастағы Екібастұз тұрғыны саяжайлық учаске аумағынан құны 60 мың теңгелік металл сынықтарын алып кеткен. Ал Ақтоғай ауданында 30 жастағы ауыл тұрғыны құны 25 мың теңге тұратын «Laux» велосипедін ұрлаған»,-деп толықтырды құқық қорғау органындағылар.

Олардың бәрі қолға түсті. Ендіі заң алдында жауап беретін болады.

Автор:

Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар