+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Ақсу тұрғыны қоймадан жарты миллион теңгенің темекісін ұрлаған

2019 жылғы 20 қазан 21:51
Бөлісіңіз:
Ақсу тұрғыны қоймадан жарты миллион теңгенің темекісін ұрлаған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Полиция Павлодар облысының түрлі аудандарында ұрлық жасаған үш баукеспені қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жүргізуші куәлігі жоқ азамат полиция қызметкерлерінен қашпақ болды Маңғыстауда мас жүргізуші полиция қызметкерінің басынан таспен ұрды Жамбылда ұйымдасып, мал ұрлығымен айналысқан баукеспелер ұсталды

«Ақсудың 21 жасар тұрғыны Ертіс ауданындағы бір елді мекеннің қоймасына пластик терезе арқылы кіріп, 530 мың теңгенің «LD club» маркалы темекісін жымқырып кеткен», - деп мәлім етті Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ертемен Ертіс ауданы полициясына 70 жастағы ауыл тұрғыны хабарласқан. Полицияның айтуынша, ол түн ортасында қоймадан біреулер 126 блок сигаретті ұрлап кеткендігін айтқан.

«Тағы бір оқиғада 34 жастағы Екібастұз тұрғыны саяжайлық учаске аумағынан құны 60 мың теңгелік металл сынықтарын алып кеткен. Ал Ақтоғай ауданында 30 жастағы ауыл тұрғыны құны 25 мың теңге тұратын «Laux» велосипедін ұрлаған»,-деп толықтырды құқық қорғау органындағылар.

Олардың бәрі қолға түсті. Ендіі заң алдында жауап беретін болады.

Автор:

Антон Гагарин

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT