Ақсу тұрғыны Ертістің жағасынан адамның жақ сүйегін тауып алды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы Ақсу ауданының тұрғыны Ертіс өзенінің жағасынан адамның жақ сүйегін тауып алды. Оқиға орнында учаскелік полиция, жедел-тергеу тобы мен төтенше жағдай қызметін жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға туралы Pavlodarnews.kz сайты жазды. Чиндиндер отбасы достарымен бірге ГРЭС кентінің маңына жылдағы әдет бойынша Ертістен балық аулауға барған.

«Бүгін ауа-райы жайлы болғандықтан достарымызбен бірге табиғат аясында тыныстап қайтуды жөн көрдік. Қаладан шыға берісте Ертістің оң жағалауында жағажай бар. Ал сол жағында біз балық аулауды әдетке айналдырғанбыз. Күндізгі сағат 15.00 кезі болатын. Мен құрықты иіре лақтырған кезде ілмек қыстырылып қалғандай болды. Бөрене немесе таяқ шығар деп ойладым. Жіпті тарта бастаған соң, жағаға жақындадым. Салмақ жеңілдегендей болды. Жақындап келіп. ілмектің неге қыстырылғанын көргенде шошып қалдым. Мен ғана емес, бәрі қатты шошыды. Өйткені адамның жақ сүйегі тап болыппыз», - дейді. «Vita» іздеу жасағының белсендісі Ольга Чиндина.

Хабар түскен бойыда оқиға орнына учаскелік полиция, жедел-тергеу тобы мен төтенше жағдай қызметінің өкілдері жеткен. Ольганың айтуынша, олар маңайды түгел тексеріп шыққан. Іздеу жұмыстарына сүңгуір де шақырылыпты.

«Суреттерден сүйектің су бетіне қалай шыққанын анықтау қиын. Су жағаны жырып, ескі молалардың бірінен түсуі де мүмкін. Бұл аймақта көктемде осындай жайттар жиі кездеседі. Облыс бойынша Ертіс жағалауының бойында орналасқан 15-ке жуық жерлеу орны бар. Сүйек табылған жерге барған соң нақты мәлімет бере аламыз», - дейді белгілі археолог, Margulan centre орталығының директоры Тимур Смағұлов.

Соңғы жаңалықтар