Ақсу кентіндегі «Қазақалтын» ТКМК» АҚ-ның шахтасында 69 жұмысшы қауіпсіз жерге шығарылды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қаласына қарасты Ақсу кентіндегі «Қазақалтын» ТКМК» АҚ-ның шахтасында болған түтіннен 69 жұмысшы қауіпсіз жерге шығарылды.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қарашаның 26-ы күні таңғы уақыт 09:11 минут шамасында Степногор қаласына қарасты Ақсу кентіндегі «Қазақалтын» ТКМК» АҚ-ның шахтасында 38-40 және 90 метр тереңдікте түтін шықты. Осыған байланысты шахта ішінде болған 69 жұмысшы сыртқа шығарылды. Оқиға орнына «Кәсіби әскериленген апатты-құтқару қызметі» РМК-ның жеке құрамынан 8 адам және 1 арнайы техника жұмылдырылып, шахтаның ішін түтіннен арылтты. Түтінің қайдан шыққаны белгісіз. Жапа шеккендер жоқ», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар