+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Ақсу кенішінде заңсыз жер қойнауын пайдалану оқиғасы анықталды - Ақмола облысы

2019 жылғы 15 қараша 23:17
Бөлісіңіз:
Ақсу кенішінде заңсыз жер қойнауын пайдалану оқиғасы анықталды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақсу кенішінде заңсыз жер қойнауын пайдалану оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілетеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда күйеуі тұтқынға алған әйел босатылды Ақмолада такси жүргізушісін басынан ұрып талдырып, көлігін ұрлаған күдікті ұсталды Елімізде он айдың ішінде 2 мыңға жуық кісі зорлау фактісі тіркелген

Ведомствоның мәліметінше, 13 қарашада Степногорск қалалық ПБ кезекшілік бөліміне «Қазақалтын» ТКМК» АҚ жұмысшысынан хабар түскен. Оның айтуынша, Ақсу кентіндегі кәсіпорын шахтасы аумағында Степногорск қаласының 38 жастағы тұрығын басқарған «КРАЗ» жүк көлігінен 4 қап кен табылған.

«Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 334 бабының 1 бөлігі (жер қойнауын өз еркімен пайдалану) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша санкция 200 АЕК көлемінде айыппұл немесе 50 тәулікке қамау жазасын қарастырады», - дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомствоның мәліметінше, құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіруге қарсы күрес шаралары тәртіп сақшыларының жіті бақылауында.

Биылғы жылы Бестөбе және Ақсу кентіндегі полиция бекетіне 3 900 «заңсыз алтын іздеуші» жеткізілді. Оның 1760-і ҚР ӘҚбК 506 бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алтыны бар кенді өңдеуге арналған 3 шағын цех тәркіленіп, шахтаның ішіне кіретін 4 саңылау анықталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT