Ақсу қаласында өртенген үйден 11 бала құтқарылды

None
None
АҚСУ. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Ақсу қаласында өрт сөндірушілер 11 баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке қарағанда, өрт туралы хабарлама 3 қаңтарда Ақсу қаласы Доспанов, 28 мекенжайы бойынша кешкі сағат 21-03 келіп түскен.

Оқиға орнынан Ақсу қаласының №10 өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық - 2,5 шақырым.

Өрт сөндірушілер келген бойда бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы бір бөлмелі пәтерде матрас пен үй заттарының 12 шаршы метр алаңында және үшінші қабатта екі бөлмелі пәтердегі ас бөлмеде үй заттарының 20 шаршы метрде жанып жатқанын анықтады.

Салдарынан оқиға орны қатты түтіндеген.

Өрт сөндірушілер 4 минуттың ішіде келіп, дереу адамдарды құтқаруға кірісті.

10 өрт сөндіру бөлімінің өрт сндірушілері 9 ересек адамды эвакуациялап, 11 баланы құтқарды.

Құтқарушылардың жедел әрі тиянақты іс-әрекетінің арқасында өрт 21:47 сөндіріліп, адамдар зардап шеккен жоқ.

Өрттің себебі мен шығыны анықталып жатыр.

Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД 24 адам және 7 техника және «101», «103» қызметтері жұмылдырылды.



Соңғы жаңалықтар