+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақсу қаласында 21 жастағы қыз суға батып кетті

2020 жылғы 10 шілде 23:46
Бөлісіңіз:
Ақсу қаласында 21 жастағы қыз суға батып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Оқиға орнына келген Ақсу қаласының жедел-құтқару жасағының қызметкерлері өзенде іздестіру жұмыстарын жүргізгенмен қыздың денесі табылмады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Жоғалып кеткен ағайынды екі баланы 30 полицей қызметкері іздеген Тасқала ауданы аумағында 22 ақбөкеннің өлексесі табылды - БҚО Әкесі ұлымен бірге суға батып кетті - Павлодар облысы

- 9 шілде күні сағат 14.30-да Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай диспетчерлік пультіне Ақсу қаласында 1999 жылы туған қыздың суға батып кеткені туралы хабар түсті. Ол Белая өзенінде достарымен бірге демалып жатқан. Алкогольдік ішімдіктерді ішкеннен кейін суға шомылып, мастықтың салдарынан батып кеткен. Қызды құтқармақ болған достарының бірі өзі тұңғиыққа кете жаздады. Оқиға орнына жақын жерде болған куәгер ер адам мен жеке меншік жағажайдағы қоғамдық құтқарушы әйел адам ер адамды жағаға алып шықты. Өкінішке қарай, бұл кезде әлгі қыз суға батып кеткен еді, - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.

Облыс орталығынан Ақсуға сағат 14:40-та жеткен сүңгуірлер тобы өзеннің түбін бірнеше сағат бойы тексергенмен қаза тапқан қыздың денесін таба алмады.

Қараңғы түскен соң құтқару жұмыстары тоқтатылып, іздеу жұмыстарын тәуліктің жарығымен қайта жалғастыру туралы шешім қабылданды. Іздеу жұмыстары бүгін таңертең қайта басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT