Ақсу қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қала әкімінің орынбасары лауазымына конкурстың қорытындысы бойынша ағымдағы жылғы 17 қарашадағы Ақсу қаласының әкімі Ж.Р. Шұғаевтың өкімімен Марат Балтабайұлы Зенов тағайындалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ақсу қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Марат Балтабайұлы «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі», «Ақсу қаласының құрылыс бөлімі», «Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының қызметін қадағалайды.

Марат Балтабайұлының жоғары білімі бар, біліктілігі бойынша инженер-экономист, 2010 жылы мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі академиялық дәрежесі берілді.
Жалпы қызмет өтілі 15 жыл, мемлекеттік қызметте 14 жыл, басшы лауазымдардағы еңбек өтілі – 10 жыл.
2016 жылғы маусымнан 2019 жылғы маусымға дейін «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарды.
Соңғы жаңалықтар