«Ақсу» футбол командасына жаңа бапкер тағайындалды
2022 жылғы 19 қаңтар 13:30

«Ақсу» футбол командасына жаңа бапкер тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл футболдан Премьер-лигада алғаш рет бақ сынайтын «Ақсу» командасы тағайындалған жаңа бас бапкерді ресми түрде жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.

Команда басшылығы биыл украиналық маман Руслан Костышинге сенім артып отыр.

Р. Костышин 1977 жылы дүниеге келген. Футболға алғашқы қадамын Хмельницкий қаласының «Подолье» командасында жасады.

Кәсіби футболшы өмірінде алдымен аталған қаланың командаларында ойнады.

Одан кейін Киевтің ЦСКА, «Днепр» және Кривой Рог қаласының «Кривбасс» құрамында ойын көрсетті. Украина Премьер-лигасында барлығы 300-ге жуық кездесу өткізді.

2014 жылдың ақпан айында Киев облысының «Колос» командасының бас жаттықтырушысы болды.

Сол кезде аталған клуб Киев облысының чемпионатында ойын көрсетті.

Команда Руслан Костышиннің басшылығымен бірнеше жыл ішінде әуесқойлар біріншілігінен элиталық дивизионға дейінгі жолдан өтті.

2020 жылдың қыркүйегінде команда еурокубокта дебют жасады. Бапкердің басшылығымен «Колос»Украинаның алғашқы төрттік командаларының құрамына кірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Тұран» командасына бас бапкер тағайындалды. Сондай-ақ, «Тараз» командасына да жаңадан жаттықтырушы келді.



Jańalyqtar

MURAǴAT