«Ақсу» ФК бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Марат Еслямовтің еңбек келісімінің мерзімі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Команданың баспасөз қызметі хабарлағандай, «Ақсу» футбол клубы Марат Еслямовқа бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тіледі.

«Бұл жаттықтырушы Бірінші лигада алтын медаль жеңіп алып, өз есімін клубымыздың тарихына мәңгілікке жазып қалдырды», - делінген ФК хабарламасында.

Жаттықтырушылар штабының алдағы барлық өзгерістері туралы қосымша хабарланатын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Ақсу» ФК Қазақстан Премьер-Лигасына жолдама алған болатын.


Соңғы жаңалықтар