Ақсу әкімінің атынан Instagram-да бір айдан астам уақыт әскери қызметші отырған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚақАқпарат - Әлеуметтік желіде оқырмандарды көп жинау үшін бір айдан астам уақыт бойы Ақсу қаласы әкімінің атынан әскери қызметші отырған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке Павлодар облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Юрий Фельдман хабарлады.

Әртүрлі фотосуреттер мен жарияланымдар үнемі пайда болатын @braevbalgabay жалған аккаунты Instagram-да 2019 жылғы 15 ақпанда тіркелген. Оның бұл әрекетін әшкерелеп, дәлелді іздеу бір аптаға созылған.

29 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6679 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраевтың атынан Instagram парақшасын ашқаны анықталған.

Юрий Фельдманның айтуынша, әскери қызметші Instagram желісіндегі Аксу әкімінің атынан парақшасын өз бетімен және ұялы телефонынан ашқанын көрсеткен. Оны осылай жасау туралы үшінші тараптардың бірде-біреуі - жұбайы, туыстары, таныстары, әріптестері және т.б. сұрамаған. - Ақсу қаласының әкімі атынан ашылған Instagram парақшасы 4-5 аптаның ішінде 900-ге жуық адамды жинап үлгерген, - дейді әдеп жөніндегі уәкіл. - Ол қала әкімінің атынан ашу себебін Ақсудан көбірек оқырман жинағысы келгенін айтып түсіндірді. Содан кейін парақшасын өзінің есімімен қайта атауды жоспарлаған. Осылайша өз аккаунты арқылы танымалдыққа ие болғысы келген.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен рұқсат етілген ресми тәртіп пен моральдық-этикалық нормаларды бұзу фактісіне қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп, сөгіс жарияланды. Қазіргі уақытта «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы негізінде теріс себептер бойынша оны жұмыстан босату қарастырылуда. - Бүгінгі күні Ұлттық гвардияның қатарында болуы туралы мәселе әскери қызметші сырқаттануына байланысты ауруханадан шыққаннан кейін шешіледі, - деді Юрий Фельдман.

Соңғы жаңалықтар