Ақшасы көңілінен шықса, «Канело» Головкинмен үшінші рет айқасуы ықтимал

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com порталының журналисі Дэн Эмброуздың пікірінше, мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек үшін DAZN платформасынан көбірек ақша дәметіп отыр, деп хабарлайды Sports.kz.

«Өкінішке орай, «Канело» Головкинмен үшінші рет кездесуді түпкілікті шешкен жоқ. Бірақ бұған дейін мексикалық оған қаржылай жағынан мәміле жасау жайлы ұсыныс түссе, онда оны қарастыратындығын бірнеше рет мәлімдеген еді.

Мұның астарында не жатқаны беймәлім. Ол DAZN-мен 365 миллион долларға мәміле жасаған болатын. Альварес мүмкін платформа оған Головкинмен үшінші жекпе-жекке тағы да қосымша қаржы береді деген ойда ма?

Бәлкім, DAZN өздерінің мексикалыққа төлеген ақшасы Геннадиймен үшінші айқасқа жетіп артылады деп шамалаған шығар», -деп есептейді Эмброуз.

Соңғы жаңалықтар