Ақшаны жария етуде алматылықтар көш бастап тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы 2014 жылы басталған ақшаны жария ету акциясы бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің мүлік пен қаржыны жария ету туралы есебінде жарияланған.

Есепке сәйкес, 2015 жылдың 1 ақпанында Қазақстанда 9 млрд 937 млн 880 мың 340 теңге көлемінде қаржы заңдастырылған.

Оның ішінде алматылықтардың қосқан үлесі - 8 млрд 461 млн 429 мың 140 теңге. Салыстыра кетсек, 2015 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 8 млрд 274 млн 616 мың теңге болатын.

Екінші орында Астана қаласы тұр. Астаналықтар 838 млн 650 мың теңгесін жариялаған.

Ақтөбе облысында - 10 млн 891 мың теңге, ОҚО-да - 197 млн 406 мың теңге, Павлодар облысында - 425 млн 284 мың, Батыс Қазақстан облысының тұрғындары - 4,2 млн теңге, СҚО-да 20 мың теңге жинақ шоттарына енгізілген.

Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ ШҚО-да бір де бір теңге заңдастырылмаған.

Соңғы жаңалықтар