Ақшаны елден әкету белгілері бар валюталық операциялар тізбесі айқындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент Мәжілісінің отырысында қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Дания Еспаева заң жобасы Мәжілістің 11 сәуірдегі жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданғанын атап өтті.

«Заң жобасының негізгі мақсаты - ел экономикасының қазіргі даму кезеңіне, еліміздің әлемдік жүйеге кіруіне және ДСҰ-ға енуге байланысты валюталық заңнаманы жоспарлы түрде өзгерту болып табылады. Заң жобасының міндеті - Қазақстан аумағындағы валюталық операциялардың мониторингін кеңейту және есеп айырысуды шетелдік валютада қамту болып табылады. Заң жобасында ақшаны елден әкету белгілері бар валюталық опреациялар тізбесі айқындалды», - деді Дания Еспаева.

Оның айтуынша, құжатта уәкілетті ұйымдарды лицензиялау тәртібі нақтыланған, сонымен бірге, есеп беру мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілік енгізіледі.

«Барлық трансшекааралық операцияларды толық қамту үшін клиенттердің тапсырмалары бойынша жүргізілетін банктердің операциялары ғана емес, сонымен қатар, уәкілетті банктердің жеке операциялар жөнінде Ұлттық банкке міндетті түрде хабардар ету көзделген. Қаралып отырған заң жобасында 15-бапты АХҚО туралы конституциялық заңның бесінші бабына сәйкес келтіру жоспарланған. Заңды тұлғалар резиденттері бірінші төлем жүргізуге дейінгі немесе осындай шотты пайдалана отырып, ақша аударғанға дейін шот ашылғаны туралы Ұлттық банкке хабар беру міндеті бойынша өзгерістер енгізілді», - деді Дания Еспаева.

Соңғы жаңалықтар