Ақшалай сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы ақпарат жалған – Еңбек министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еңбекминінің ақшалай сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы таратылып жатқан ақпарат жалған. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, яғни ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 50 000 теңге мөлшеріндегі сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Еңбекмині мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға ешқандай сауалнама жүргізбейді»,- делінген ведомство хабарламасында.

Осы орайда алаяқтар мұндай хабарламаларды аккаунтар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін пайдалануы мүмкін екені азаматтарға ескертілді.

«Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін ешбір жағдайда күмәнді сілтемелерге өтпеуіңізді және онда өзіңіздің жеке деректеріңізді қалдырмауыңызды сұраймыз. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», - деп аталып өткен министрлік мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар