Ақшаға құныққан полиция қызметкері 4 жылға сотталды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында алаяқтық жасаған полиция қызметкеріне 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты жергілікті полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады.

Онда сотқа Ақкөл АІІБ-нің криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ф.Курязов өз қызмет бабын асыра пайдалана отырып, С. деген азаматқа дене жарақатын келтіргені үшін Е.есімді азаматтан қылмыстық жауапкершілікке тартпау жөнінде мәселені оң шешуге ақша талап еткені белгілі болды.

Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілікке тартпау мәселесін шешу үшін 250000 теңге ақшалай қаражат беруін сұраған Ф.Курязовтың бұл қылмыстық істі тергеумен айналыспағаны және оның өндірісінде болмағаны анықталды.

Сот үкімімен Ф.Курязов ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлімі 2-бөлімшесі бойынша кінәлі деп танылып (алаяқтық), мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеумен 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар