Ақша талап етуде: Алматыда «миналанған» мектептер саны 12-ден 34-ке артты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгісіз адам жарылғыш зат қойылғаны туралы хатты 34 мектепке жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта қаладағы 34 жалпы білім беру мекемесіне осындай хабарламалар келіп түсті. 18 мектеп тексерілді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұған дейін, Алматының 12 мектебінде жарылғыш заттар іздестіріліп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Белгісіз адам ақша аударуды талап еткен. Егер ақша аударылмаса мектептерді жарып жіберетінін айтқан.

Қазіргі кезде саперлер ғимараттарды тексеріп жатыр.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жарылғыш зат туралы хабарлама қалдырған адамның жеке басын анықтауға және оны одан әрі ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар