Ақша, пәтер мен жұмыс: Министрдің қабылдауына кірген адамдар не сұрайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова үш жарым сағат бойы xалықты қабылдады. Аталған шара «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық қабылдауға келген адамдар сан алуан мәселелерді көтерді. Біреулер зейнетақыны қайта есептеуді сұраса, енді біреулер мүгедектердің жағдайын жеткізді. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясынан заңсыз шығарылған бір топ азаматтар да келіп кетті. Бұдан бөлек, жеке мәселелер - пәтер, жұмыс тіпті ақша сұрағандар болды. Министр әрбір адамның мәселесін жеке-жеке қарап, көмек беруге уәде етті. Қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтерген азаматтар да жазылды. Мәселен, II-топтағы мүгедек Жұматай Шүйтенов санаторлық емдеу машақатын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде Астана қалалық жұмыспен қамту басқармасы бір ғана жерге жолдама береді. Ол - Қотыркөл.

«Сол жерге барсақ, су жоқ, ваннаға да түсе алмайсын. Көлге түсуге болмайды. Төсек орындары ескі. Бәрі соғыстан қалған заттар сияқты. Басқа жерге жібермейді. Себебі басқа облыстардың санаторлық-курорттық орындарын тендерге қатыстырмайды. Мойылды бар, Оқжетпес бар. Астанада тұрамыз, бірақ тек Қотыркөлге ғана жібереді. Арыз айтсақ, басқасымен келісімшарт жоқ дейді. Сөйтсек, Қотыркөл емдеу орны әкімдікке қарайды. Негізі, биыл бір мүгедекке 145 000 теңге бөлініп отыр. Мен ол ақшаға Мойылдыға, я болмаса, Сарыағашқа бара аламын ғой. Бағасы да төмен. Жоқ, Қотыркөлге барасын дейді. Оны қалай түсінуге болады?», - дейді Ж.Шүйтенов.

Министр М.Әбілқасымова аталған мәселені жеке бақылауына алды.

«Мен әкімдік басшылығымен сөйлесемін. Бұл мәселені шешу керек. Басқа облыстарда мүгедектерге таңдау жасауға мүмкіндік береді. Ал Астанада бір ғана санаторий. Олай болмайды», - деп атап көрсетті М.Әбілқасымова.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі қабылдау кезінде біраз мәселелер көтерілді. Бірақ кейбір проблемалар министрліктің құзыретіне жатпайды.

«Енді, xалықтың басым бөлігі әлеуметтік көмекті тағайындау жайында сұрайды. Қосымша жеңілдіктерді сұрайтындар да бар. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың жұмыс сапасын сынайды. Қазір осы салада біраз өзгерістер қолға алынды. Алдағы уақытта адамдарды қағазбасты жұмыстан құтылады да, мүгедектікті ешбір қиындықсыз алатын болады. Сосын жұмысқа тұрғызу мәселесімен келетіндер аз емес. Біз барлық арыз-шағымдарды бақылауға алып отырамыз. Баспана сұрайды. Өкінішке қарай, аталған мәселе жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне жатады», - деді М.Әбілқасымова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Соңғы жаңалықтар