Ақша айырбастау пункттерінде доллар 474- 481 теңгеден саудаланып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 474- 481 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474,5 – 478,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 476 – 481 теңге аралығында құбылып тұр. 11 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,60 теңгеге төмендеп, 477, 46 теңге болған.
Ұлттық банктің 12 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 477, 67 теңге. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,2 – 7,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар