Ақша айырбастау пунктерінде доллар 474-479 теңгеден сатылып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474-479 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474-478,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар бағамы 475-479 теңге аралығында құбылып тұр.

15 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,05 теңгеге төмендеп, 476,22 теңге болған.

Ұлттық банктің 16 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476,18 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,1-7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар