Ақша айырбастау пункіттерінде доллар 468-476 теңгеден саудаланып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 468- 476 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 468 – 472 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 471 – 476 теңге аралығында құбылып тұр.

31 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,18 теңгеге қымбаттап, 472, 29 теңге болған.

Ұлттық банктің 1 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 472, 21 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,22 – 7,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар