Ақша айырбастау орындарында доллар арзандады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 439-444 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 439,7 – 443,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 441,5 – 444,5 теңге аралығында құбылып тұр.

23 мамыр кешкі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа бағамы 3,16 теңгеге төмендеп, 441,76 теңге болған.

Ұлттық банктің 24 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 441,74 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,51 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,4 – 5,6 теңге, Астанада 5,45 - 5,55 теңге аралығында ұсынылуда.


Соңғы жаңалықтар