09:14, 22 Қыркүйек 2022 | GMT +6
Ақша айырбастау орындарында доллар 480-487 теңге аралығында саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 480-487 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 480-484 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар бағамы 481,5-487 теңге аралығында құбылып тұр.
21 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге қымбаттап, 477,86 теңге болған.
Ұлттық банктің 22 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 477,73 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35-7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.