Ақша айырбастау орындарында доллар 480-486 теңге аралығында саудаланып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 480-486 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 480-484 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 481-486 теңге аралығында құбылып тұр.

23 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 31 теңгеге төмендеп, 479, 85 теңге болған.

Ұлттық банктің 26 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 479, 42 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,45-7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар