Ақша айырбастау орындарында доллар 476-481 теңге аралығында саудаланып жатыр

2022 жылғы 30 қыркүйек, 09:44
Ақша айырбастау орындарында доллар 476-481 теңге аралығында саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 476- 481 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 476,5 – 480,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 476– 481 теңге аралығында құбылып тұр.

29 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 28 теңгеге төмендеп, 476, 64 теңге болған.

Ұлттық банктің 30 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 476, 89 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35 – 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Теги:
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar