Ақша айырбастау орындарында доллар 466-471 теңгеден сатылып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 466-471 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 466 – 469 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 467,5– 471 теңге аралығында құбылып тұр.

29 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,33 теңгеге қымбаттап, 468, 34 теңге болған.

Ұлттық банктің 30 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 468, 43 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,67 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,25– 7, 45 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар