Ақша айырбастау орындарында доллар 465-470 теңгеден сатылып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 465-470 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 467,5-470 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 465,5-469 теңге аралығында құбылып тұр.

28 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,59 теңгеге қымбаттап, 468, 01 теңге болған.

Ұлттық банктің 29 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 467, 99 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,70 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,28– 7, 43 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар