Ақша айырбастау орындарында доллар 463-467 теңгеден сатылып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 463- 467 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 463,5 – 467,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 464– 467 теңге аралығында құбылып тұр.

25 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,08 теңгеге қымбаттап, 465, 90 теңге болған.

Ұлттық банктің 25 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 95теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,72 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35– 7, 45 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар